Әке - отбасы тірегі
Бестерек орта мектебінде 27.02.2016 жылы облыстық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 15 әке келді. Қайрат Нұртастың орындауында «Әке» атты әнмен басталды. «Мен әкемді сүйемін…», «Әрқашан қасымда әкем болсын деп тілеймін…» балалар тілектер жазылған плакат, шарлармен кабинет безендірілген. Әкелерге арналған бейнеклиптер көрсетілді. Орыс жазушы Николай Михайлов Карамзин айтқандай «Жақсы әке болмаса жақсы тәрбие болмайды» деп конференцияны тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Косанова К.М. сөзімен бастады да, конференция әкелер күніне арналады, әкелерді бұл күнімен құттықтай отырып, оларға зор табыс, үзақ өмір, мықты денсаулық, қажымас қайрат, бар жігер күштерінді балалар тәрбиесіне аямансын деп тілек білдірді. Нағыз ер адам өмірде үш нәрсе жасау керек: үй салу, ағаш отырғызу, бала өсіру, ал ол бала қандай болып өседі, бұл әкелердің берген тәрбиесіне байланысты. Мынадай мақалды мысалға келтірді «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» Мектеп директоры Закенов Б.Н. ата-аналардың бала берген тәрбиесінде өте маңызды, өйткені ата-аналар қандай тәрбие береді, бала сондай болып өседі. Келесі сөз кезегі педагог психологқа Джиенбаева Күлшат Джалғасқызына берілді. Психологиялық дайындық жасалынды. «Сәлемлесу» - жаттығуы әкелер дөңгеленіп тұрып кезекпен өз аттарын айтып және де балаларын аты мен сыныбын айтып, бір-бірімізбен амандасып, тілек білдірді. Назарларын экранға аударды. «Всем настоящим папам посвящается» бейнеклип көрсетілді. Психолог: атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша «мамандықтардың жүздеген түрлері болады. Бірісі темір жолды салса, екіншілері үйлерді салып, егін егіп, адамдарды емдеп, киімдерді тігеді. Бірақ олардың ішінен ең ерекшесі, ең қиыны және ең қайырымдысы ол – адамдық тұлға. Ол тек әр отбасыға тән және ешқандай отбасыда қайталанбайтын мамандық түрі. Күзетші не, министр болсын әр мамандық иесінің орнын толтыруға болады. Бірақ жақсы әкені, дәл сондай жақсы әкемен ауыстыруға мүмкін емес.» Әр ер адам үй салып, ағаш отырғызып, ұлын өсіру қажет. Бүгінгі конференциямызда «Нағыз Әке» қалай болу туралы әңгімелесеміз –деді Джиенбаева Г.Д. 1. Нағыз әке дегеніміз кім? Әке баланың жыныстық ерекшелігінде үлкен роль атқарады. Баланың ерлік және әйелдік мінезінің қалыптасуы 6 жасқа дейін болады. Бұл өте маңызды процесс, және де бұл процессте тек әкенің ғана үлесі зор. Ұл бала болсын, не қыз бала болсын, екеуіне бірдей маңызды. Жақсы әке өзінің қызымен тамсана алады, ол қызына қандай әдемісін, көркемсін деп айта алады. Әкенің махаббатына бөленген қыз бала әрқашан өзіне, өзінің бет-әлпетіне, сұлулығына сенімді болады. Ал бұл қыз баланың болашақтағы сүйіктісімен жақсы қарым-қатынасының кепілі. Әкенің образы, қыз баланың өмірлік серігін таңдауда үлкен әсер береді. Егер қыз бала бақытты отбасында өссе, ол өмірлік серігін әкесінің идеалымен салыстырып, әкесіне ұқсатып таңдайды. Егер әкесі табыс тауып, отбасының жағдайын жасаса, онда бұл отбасында өскен қыз бала әкесінің образына ұқсас табыс көзі бола алатын, отбасын асырай алатын өмірлік серігін іздейді, себебі, бұл бала кезден қалыптасқан әкелік стереотип. Ер баланың ұл кейпінде туылуы, оның өзін ер азамат ретінде сезінуінің кепілі емес. Себебе, оған үлгі тұтарлық әкесі мен үлкен ағаларының образының үлгісі зор. Ол өзіне ұнамайтын адамдардан, үлгі ала алмайды. Егер әкесі баласымен сөйлескен кезде, әрдайым шыдамсыздығын және ашуланшақтығын көрсете берсе, онда өсе келе ұл бала басқа ер азаматтар мен ұл балалардың арасында қысылып, сол ортаға бейімделе алмайды, өзін қолайсыз сезінеді. Ондай балалар анасына жақын болып, анасының мінез-құлқы мен қызығушылықтарын бөліседі. 2. Екінші мәселе: балаға деген махаббаты. Әкесінің махаббаты балаға ерекше эмоционалды-психологиялық тыныштық, жайлылық сезімін береді. Алайда, бұл сезімді жалғыз басты ана ешқашан толтыра алмайды. Әкенің махаббаты қызы мен ұлына ер адамның балаларына, жолдасына және де қоршаған адамдарға сүйіспеншілігін қалай көрсете алатынын үйретеді. 3. Әкенің балаларына деген ашық және жылы қарым-қатынас жасай білуі. Әке мен баланың жылы қарым-қатынасы бала үшін өте маңызды. Әкенің мейіріміне бөленген бала, әкесіз өскен балаға қарағанда, есейген кезде қоғамдағы адамдарды сыйлап, жақсы араласа алады. Суық және қатыгез әкелердің балалары көбіне ұялшақ, өз ойын жеткізе алмайтын, қорқыныш сезіміне бөленген балалар. Әке мейірімі, сүйіспеншілігі, балаға қорғаныштық және қауіпсіздік сезімін тудырады. Бірақ, өкінішке орай көптеген балалар бұл сезімге бөлене алмайды. 4. Нағыз әкелер өз балаларына уақытын бөле алады. Нағыз әке демалысының жарты күнін болсын, балаларына бөлуі тиіс. Себебі бірнеше сағат болса да, баласымен араласып, балада «мен ешкімге керек емеспін» деген сезімін жою. басты мақсат. 1. Жаттығу «Ағаш» орындаған кезде сәкен Майгазиев орындаған «Әкешім» әнің әуені қойылды. Отбасымен немесе балаңызбен бос уақытыңызды қалай өткізесіздер! туралы сөз қозғалынды. 5. Әке тәртіп және тәрбиесінің басты көзі! Әкесінің қаталдығы – керемет дәрі; онда ащыдан гөрі тәттісі көп. Жақсы әке баланың намысына теймей, оның тұлғасын сыйлап тәртіп пен тәрбиеге үйретеді. 6. Әке - тамаша ұстаз! Ол балаға конструктор жинауға, ұшақтың моделін жасауға, қиын ойындарды ойнауға көмектеседі. 7. Әке жақсы тәрбиенің сенімділік пен сыйластықтың үлгісі. Мысал: 8. Әке отбасылақ дәстүрлерді сыйлайды, отбасылық мерекелерде белсенді қатысады, баланың қызығушылықтарын түсініп, балаларға ұнайтындай мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға тырысады. Жаттығу «Үй» балалық шағымызды еске алу. «Әке арманы» әні, «Балбырауын» күй орындалды. - Сол жаққа – балалық шақта болған отбасындағы жағымсыз сәттер. Бір мысалды оқу. Сіздер балаларыңыздың өмірінде сондай жағыссыз сәттердің болуын қалайсыздарма? Жоқ болса, онда жағымсыз естеліктерді сызып тастаңыздар. - Оң жаққа – жағымды сәттерді және балаларымыз үшін не істей алатынымызды жазу. Ал кұрметті әкелер алдында айтып кеткендей әр ер адам үй салып, ағаш отырғызып, баласын тәрбиелеу керек. Мінекей біз бірге ағаш отырғыздық, балаңызбен бос уақытыңызды қалай тиімді өткізу жайлы еске түсіріп, жақсы естелік үйін тұрғыздық. Ал жақсы бала өсіру үшін сіз ең бастысы ол үшін үлгі болуыңыз қажет. Бейнеклип «Жестокое обращение с детьми», Бейнеклип «Спасибо, папа!» көрсетілді. Әкелер сөз сөйледі. Өздері бала кезіндегі қызықты болған оқиғаларды еске түсіріп, әңгімеледі. Бала тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолдатын, сол туралы бөлісті. Конференция өте қызықты, мазмұнды және жоғары дейгейде өтті. Дайындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.М.Косанова
Просмотров: 766
Комментарии